Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түшкіру ағзаның жұмысына жан бітіреді

Опубликовано:

Дәрігерлер түшкірудің компьютерді қайта іске қосумен ("перезагрузка") парапар екенін айтып отыр. Ағзадағы жүйелер бір серпілуі тиіс болған кезде адам түшкіреді екен.

Couriermail.com.au порталының хабар­лауын­ша, Пенсильвания университетінің дәрігері Ноам Коэн түшкірудің адам ағзасы үшін ерекше процесс екенін анықтады. Ол тышқан­дар тұмсығы жасушаларының кілегейлерден қалай арылатынын зерттеген.

Зерттеу барысын­да жасушалар ауа ағыны әсеріне ұшырап, тітіркенсе, олардың биохимиялық реакциялар жүйесі түгел серпіліп, қайта "іске қосылған". "Егер ағзадағы жүйелерде қандай да бір кілтипан болса, ол дұрыс жұмыс істемей, серпілуге талпынады, сол кезде мұрын қуысы жасушаларындағы талшықтар түшкірікті туғызады. Адам түшкірген кезде мұрын қуысы мейлінше қалпына келеді де, сенсорлар тыныспен бірге ішке енген бөлшектерді қайтадан талдай бастайды", – дейді Коэн.

Ғалым мұрын қуысы қабынған адамдардың жиі түшкіретінін айтады. Себебі олардың жасушалар жүйесі қайта қалпына келуге талпынумен болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/226110-tyshkiru-agzanyn-zhymysyna-zhan-bitiredi/

pixel