RU

Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды (видео)

Лондон Олимпиадасында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ боксшысы ақтық сында алаң қожайыны, британдық Фредди Эванспен кездесіп, 17:9 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы раундта Серік Сәпиев белсенділік танытып, 4:2 есебімен жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Екінші раундта Серік 6:3 есебімен өз жағдайын одан әрі жақсартып алған. Үшінші раундта да біздің спортшы үш ұпаймен басым түсті, есеп – 7:4.

Еске сала кетейік, Олимпиаданы екінші айналымнан бастаған Серік Сәпиев жапониялық спортшы Сузуки Ясухироны 25:11 есебімен ұтқан болатын. Ал ширек финалда Венесуэлалық Габриэль Пересті 20:9 есебімен ойсырата жеңді. Жартылай финалда ресейлік қарсыласы Андрей Замковойды 18:12 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/227291-serik-sepiev-london-olimpiadasynyn-chempiony-atandy-video.html