RU

Олимпиада жеңімпаздары мемлекеттік наградаларға ұсынылады

XXX Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мемлекеттік наградаларға ұсынылады. Бұл туралы ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде Лондон Олимпиадасының жеңімпаздарын мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша тиісті тізім жасалып жатыр. Тамыздың 17-сі күні Президентпен болатын кездесу барысында ол наградаларды Нұрсұлтан Назарбаев өзі табыстайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы Лондон Олимпиадасында алтын медаль алған спортшылар - Александр Винокуров, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, Ольга Рыпакова және Серік Сәпиев.

Күмісті боксшы Әділбек Ниязымбетов иеленсе, бес қола медальды Даниял Гаджиев, Марина Вольнова, Гузель Манюрова, Ақжүрек Таңатаров және Иван Дычко жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/227468-olimpiada-zhenimpazdary-memlekettik-nagradalarga-ysynylady.html