RU

Қазақстанның сұранысқа ие актерлері (фото)

Tengrinews.kz-тің жазуынша Әлия Телебарисова Қазақстандағы ең үлкен сұранысқа ие актриса.

Ол 2011 және 2012 жылы басты рөлдерге ие болды. Жас актриса "Жаужүрек мың бала", "Жас ұлан", сондай-ақ "Балкон" фильмдері және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2" сериалдарына түсіп үлгерді.

Екінші орында өнерлі отбасынан шыққан Қарлығаш Мұхамеджанова. Оның соңғы жұмыстарының бірі - Егор Кончаловскийдің "Возвращение в "А" картинасындағы рөлі. Сонымен қатар актриса 2011 жылы "Ликвидатор" және "Мамырдың жеті күні" картиналарынан көрінді. "Жүрегім менің - Астана" киноальманахында да актрисаға орын табылды.

Бибігүл Сүіншалинаға да режиссерлер көп ұсыныс түсіреді. Оның соңғы жұмыстары - "Виртуалды махаббат", "Жүрегім менің - Астана"; "Земский доктор" мен "Пираньи" ресейлік сериалдары.

Рейтингтің төртінші орны Гүлнәр Дусматоваға тиесілі. Биыл ол басты рөлдерден көрінген жоқ. Бірақ төрт фильм мен бір сериалдың түсірілім жұмыстарына қатысты. Ол - "Ликвидатор", "Возвращение в “А", "Жүрегім менің - Астана", "Ағайындылар - 2", "Аңыздар кітабы. Құпия орман".

Бестікті Әсел Сағатова тәмамдайды. Ол биыл "Құрбылар" сериалы мен "Студент" және "Охота за призраком" фильмдерінен көрінді.

Ал сұранысқа ие актерлер тобын Берік Айтжанов бастап тұр. Ол "Жаужүрек мың бала" лентасында Әбілхайыр ханның ролін сомдап, "Балкон" және "Кітап" фильмдерінің түсіріліміне қатысты.

Әрі қарай тізімде Төлепберген Байсақалов Берік Айтжановтың ізін басып келеді. Ол биыл "Супер Баха" және "Снайпер-2. Тунгус" ленталарында басты рөлдерге ие болды. Сонымен қатар ол атышулы "Теряя невинность в Алма-Ате" фильмінен де көрінді. Қазір "Виртуалды махаббат" лентасына түсіп жатыр.

"Охота за призраком" картинасында басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиев те сұранысқа ие актерлер қатарында. Ол сондай-ақ "Аңыздар кітабы. Құпия орман", "Жүрегім менің - Астана" фильмдері мен "Құрбылар" сериалына түсіп үлгерді. Жуырда актер америкалық Angels of death боевигіне түсті.

Соңғы екі жылда жеті жобаға қатысып үлгерген қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов жастардан қалыс қалар емес. 2011 жылы актер "К вам едет доктор Ахметова" сериалында басты рөлге ие болды.

Сұранысы жоғары актерлердің бестігін Дәулет Әбдіғапаров тәмамдайды. Ол да "Аңыздар кітабы. Құпия орман" мен "Орда" картиналарындағы рөлдердің бірін сомдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/227685-kazakstannyn-syranyska-ie-akterleri-foto.html