RU

Шымкентте көше атауларында қателер өріп жүр (фото)

Елімізде үшінші қала мәртебесін алуға жанталасып жатқан Шымкент шаһарында көше атаулары өрескел қателермен жазылып жүр.

Бұл туралы жергілікті Оtyrar-tv.kz арнасы хабарлайды. "Қала халқын қайтсем миллионға жеткіземін" деп жергілікті билікте күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Сондықтан ол азаматтарда мұндай "ұсақ-түйек" қателікке бас қатыруға уақыт жоқ", - дейді арна тілшілері.

Бір көшеде бірнеше атаудың ілініп тұрғаны да бұл қалада таңғаларлық жәйт емес көрінеді.

Көше аттарын бірізділікке сала алмай жүрген шенділер қазақ тілінде Қарауылбек Қазиевті "Қазиева", "Санжар Жандосовты" "С. Жандосова" деп жазуды да шығарыпты.

Фотосуреттер Отырар-ТВ сайтынан алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/230964-shymkentte-koshe-ataularynda-kateler-orip-zhyr-foto.html