RU

Гинесс рекордтары - 2013 (фото)

Кеше (13 қыркүйек) кітап әлемінде ең үлкен сатылымға ие басылымдардың бірі - Гинесс рекордтар кітабының 57-нші басылымы жарық көрді.

Жаңадан рекордсмен атанып жүргендердің ерекше, тіпті кейде, мән-мағынасы жоқ жетістіктерімен танысыңыздар. (Фотосуреттер bigpicture.ru сайтынан алынды).

Әлемдегі ең үлкен бицепс иесі - мысырлық Мустафа Исмаил.

Ең ауыр спортсмен – сумоист Шарран Александер (Лондон), салмағы 203,21 келіні құрайды.

Джоанна Каас - әлемдегі ең кәрі гимнасшы. Ол 1925 жылы дүниеге келген. 86 жасқа табан тіреген әжей бүгінде гимнастикадан өтетін әуесқойлар жарыстарын жібермей қатысады. 

Ең биік ирокез жапониялық Кацухиро Ватанабеде.  Оның ұзындығы 113,5 см-ді құрайды.

Ең биік ит - Зевс, неміс тазысының бойы 1,118 метрді құрайды.

Ең ірі ат - Үлкен  Джейк. 9 жастағы жылқы бельгиялық тұқымнан шыққан.

Ең кішкентай бұқа - Арчи. 16 айлық үй жануары Солтүстік Ирландияда тұрады. Оның биіктігі небары 76,2 см-ді құрайды.

Ал мынау - әлемдегі ең биік есек. Оның есімі - Оклахома Сэм. 4 жасар жануардың биіктігі  - 155,45 см.

Салмағы 750 келілік ең ауыр велосипед. Оның авторы - нидерландылық Вотер ван ден Бош.

Барби қуыршақтарының ең үлкен топтамасын Беттина Дорфманн жинаған. Германия тұрғыны Mittel компаниясының 15 000 өнімін сатып алған. Қуыршақ жинауды ол 1993 жылдан бастап әдет қылған. 

"Hello Kitty"-ге байланысты заттардың ең үлкен топтамасы жапониялық Асако Кандеге тиесілі.  Ол өзінің үйін осы мысық бейнеленген ыдыс-аяқ, ойыншық, кітап, тағы басқа заттармен лық толтырған. 

Ең жас кәсіби барабаншы – АҚШ тұрғыны - Джулиан Павон. Қазір ол бар болғаны 7 жаста. 

Ең ірі барабан құрылғылары 340 элементтен құралған. Оның иесі -  доктор Марк Температо (АҚШ). Ол - "Jesus the Soul Solution" деп аталатын топтын мүшесі. Өзінің аспаптарын Марк арнайы жабдықталған фургонда тасымалдайды.

Ағылшындық Алекс Баррон қатарынан 23 рет 11 шарды ұстап алған. 

Көлемі бойыншы ең үлкен кузов - Westech T282C Flow Control Body жүк көлігіне тиесілі. Oның сыйымдылығы 470,4 кубометрді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/231236-giness-rekordtary-2013-foto.html