RU

2016 жылы "Титаниктің" көшірмесі сапарға аттанады

Дәулеті 5,3 миллиард долларды құрайтын Австралияның ең бай адамдарының бірі – көмір магнаты Клайв Палмер аты аңызға айналған "Титаникті" қайта құрастыратынын мәлімдеді.

"Росбалт" хабарлағандай, қасірет әкелген кеменің дәл көшірмесі 2016 жылы сапарға аттанады деп жоспарланып отыр. Сыртқы түрі мен интерьері түпнұсқаға ұқсайтын болады. Алайда "Титаник-2" кемесін қайғылы оқиға қайталанбас үшін жолаушыларға арналған шағын кемелер орналасатын "қауіпсіздік палубасымен" жабдықтайды.

Екінші "Титаникті" жасау Палмердің алғашқы ерекше ойы емес. Биыл жазда ол Стивен Спилбергтің қиялын іске асырмақ болып, Юра кезеңінің бағын салуды қолға алды. Австралиялық миллиардер 1996 жылы Долли қозысын клондаған ғалымдарға өз ойын айтты. Олар ежелгі кесірткелердің ДНК-сының көмегімен динозаврларды қайта тірілтулері тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/232961-2016-zhyly-titaniktin-koshirmesi-saparga-attanady.html