RU

Қарағанды тұрғыны зорлау әрекетін өзі ұйымдастырып, кәсіпке айналдырған

Қарағандыда қайталана беретін қылмыстың беті ашылды. Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған үш азаматтың туысқандары, зардап шеккен әйел, бұған дейін де бірнеше рет дәл осындай арызбен келгендігін айтады.

Сондықтан, бұл жан бағу үшін зорлау әрекетін, өз қолымен ұйымдастырып, кәсіпке айналдырып жүрген қыздың қулығы болуы мүмкін дейді. Ал, жыныстық қатынастың құрбанына айналған нәзік жандының жыры туралы прокурорлар неге екені белгісіз үнсіздік сақтап келеді.

Сол күні жастар жалдамалы пәтерде жиналған. Шағын отырыстан соң, үйлеріне тарқасқан азаматтарды бірер күннен соң, зорлық әрекетіне бардыңдар деген күдікпен полицейлер қамауға алады. Ұсталған азаматтың туысқаны дәл осы қыз өткен жылы осындай арызбен тағы үш жігітті темір торға байлағанын айтады.

-Наталья Толмачева ұсталған азаматтың досы. Ол адам осындай тәсілмен күн көретін сияқты. Бұл алғашқы жағдай емес. Мені зорлады деп ақша табатыны туралы мәлімет бар бізде. Пәтер қожайыны да ешқандай күшпен жыныстық қатынастың болмағанына сенімді. Эдуард Козлов (пәтер қожайыны) пәтер қабырғаларының жұқа екенін, айғай-шу болса, көршілер еститін еді дейді. Ондай ештеңе болмағанына сенімдімін.

Қыз өз аяғымен келіп, өзі кетті. Керек десеңіз қашып кетуге де мүмкіндігі болды. Бүгінгі таңда екі жігітке 12 жылдан, ал үшіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ұсталғандардың туысқандары өздері көз жеткізген тексеріске сенімді. Сондықтан сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/233080-karagandy-tyrgyny-zorlau-ereketin-ozi-yjymdastyryp-kesipke-ajnaldyrgan.html