RU

Ақтауда белгісіз біреулер Жигули көлігіне оқ жаудырды

Ақтаудың орталығында белгісіз біреулер Жигули көлігіне оқ жаудырды. Соның салдарынан көлікте болған екі адамның бірі басынан жарақат алса, енді біреуінің қолына оқ тиген.

Ал қару қолданғандар ізін суытқан. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, оқ атқан екі адам "Опель" көлігімен тұрғын үйдің ауласына келіп, сол жерде тұрған "Жигули" көлігіне оқ жаудырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жигулиде екі адам болған. Жүргізуші қолынан жарақат алған, ол көліктен шығып, жедел жәрдем шақырады. Ал екінші адам басынан жарақат алды, қазір ауыр халде аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орын алған жерде криминалистер жұмыс жасауда, оқ атқандарды қол түсіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/233344-aktauda-belgisiz-bireuler-zhiguli-koligine-ok-zhaudyrdy.html