RU

Өскеменде бала бағатын роботтар көрмеге қойылды

Өскеменде жапондық роботтар көрмесі өтті. Жұрттың назарына адамға қолғабыс бола алатын роботтар мен Гиннес рекордтар кітабына енгізілген гуманоидтар ұсынылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"Вилли" роботы үйді күзетуге қауқарлы. Тіпті бала да баға алады. Тіпті бұл роботтар да шаршайды екен. Өте ашулы роборапторға саусақ шошайтуға болмайды, тістеп алады.

Билеуден алдына жан салмайтын робобилдер, ақылды, әрі, елгезек робоанниматроник-шимпанзе жане тағы басқа гуманоидтер жиналғандарды әсте таң қалдырды. Мысалы, Гиннес кітабына енгізілген әлемдегі ең кішкентай адам теңдес робот бар. Оның бойы 16 см. Түймедей құрылғы 200-га тарта бағдарламаны орындай алады.

Көрмеде тұрған робот-андроидттар елімізде сатылмайды. Алайда Жапония, АҚШ сияқты елдерде мұндай роботтардың құны бір мың доллардан асатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/233635-oskemende-bala-bagatyn-robottar-kormege-kojyldy.html