Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ұн бағасы шарықтап кетті

Опубликовано:

Ұн бағасы шарықтап кетті Шымкентте бір аптаның ішінде ұнның бағасы бір жарым есеге көтеріліп кетті. Бұған дейін 3500 теңгеден сатылып келген жоғары сұрыпты бір қап ұнның бағасы 5 мың теңгеге жетіп отыр.

"Бағаның былайша ырыққа көнбеуі жанармайдың қымбаттауынан" деп түсіндіреді жергілікті шенеуніктер. Сонымен қатар биылғы құрғақшылық, темір жол тарифтерінің өсуі де, бағаның шарықтауына әсер етіп отырған көрінеді.

ЖАНГЕЛДІ МАҚАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Осы қала, облыс аумағында жұмыс жасап жатырмыз. Оған штаб құрылған. Штаб бастығы облыс әкімінің орынбасары. Сол себептен біз күніге мониторинг жүргізіп, осы жұмысты атқарып отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде бір қап ұн 2600 теңгеден, бір нанның бағасы 35 теңгеден сатылып жатыр. Оған күніге қадағалау жасап жатырмыз.

Шенеуніктердің "құнына шектеу қойдық" деп отырғаны бірінші сұрыптың ұны. Ал еліміздегі жоғары сұрыпты ұнның бағасын бақылау ешбір құзырлы мекеменің қолынан келмейді екен.

БЕЙБІТХАН ҚАБДРАХМАНОВ, "АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ" КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Айта кетейін, 1-ші сұрыптың ұны мен нан өнімдерінің бағасы қымбаттамайды. Ал жоғары сортты ұн, макарон және нан өнімдерінің бағасына біз бақылау жүргізбейміз. Оған құқымыз жоқ. Себебі, біздің мемлекетте нарықтық экономика.

Жалпы Шымкент қаласының тұрғындары тәулігіне 50 тоннадан астам ұн тұтынады екен. Ал мамандар соңғы кезде жоғары сұрыпты ұнға сұраныс артып отырғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/234346-shymkentte-yn-bagasy-sharyktap-ketti/

pixel