RU

"Бөгде ғаламшарлықтардың" бейіті табылды

Ғалымдар Оңтүстік Африкадан осыдан 500 жыл бұрынғы бейітті тапты. Молада 200 мүрде жатқаны дәлелденіп отыр. Бір қызығы, олар бүтіндей сақталған.

Швейцариялық антрополог Уго Детидің айтуынша, қазір аталған жат планета иелерінің не себепті Жерге келгенін, оларды мұнда кім болмаса не өлтіргенін анықтау үстінде деп жазады Ulttimes.kz. Ғалымдарды таңдай қақтырғаны – түсініксіз тіршілік иелерінің мүрдесін жерден қайта қазып алу кезінде олардың мүлдем адамға ұқсамайтынын және жерлеу дәстүрі де ерекше екені байқалған.

Әрбір табытта 5 адамнан жатқанын көрген ғалымдардың қазіргі пікірі қызық. Мәселен, тіршілік иелерінің бойы 2 метр 13 сантиметр, бастары шектен тыс үлкен және ауыз қуысы, мұрын, көз мүшелерінің ізі де көрінбейтінін айтқан бір топ антропологтар, оларда ауыз болмағандықтан, телепатикалық тұрғыда қарым-қатынас жасап, жер-жерде жарқанаттар секілді тіршілік еткенін айтып отыр.

Бір ғалымның пікірінше, өзге планетадан келген оларды десант ретінде Жерге арнайы орналастырған, бірақ соңынан өлімге алып келетін жұқпалы ауруға шалдығып, жат планеталықтықтардың бұған қарсы иммунитеті болмағандықтан, бірде-бірі тірі қалмастан, жойылып кеткен. Дети есімді ғалымның пікіріне сенсек, олар Жерде өз міндеттерін атқарғаннан кейін ғарыш кемесі арқылы қайтуы керек болған екен, бірақ "үйлеріне" қайтқанын білдіретін ешқандай айғақтың болмауы себепті, барлығы тіршілігін жойғанын айтады.

Нақты моланың қайда екенін айтқысы жоқ ғалымдардың айтар уәжі мынау ғана – "егер біз бұл моланың қайда екенін айтсақ, әлем зерттеушілері сонда жетіп барып, жаңалық табуға талпынады, ал, бұл біздің жұмысқа кері әсер етеді. Біраз уақыттан соң бәрі анық болады. Сол кезде Жерде өмір сүріп жатқан адамдардың қоршаған орта туралы пікірі біршама өзгереді", – дейді зерттеушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/234348-bogde-galamsharlyktardyn-bejiti-tabyldy.html