RU

Алдағы жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдер көлемі өседі

Келесі жылы айлық есептік көрсеткішпен бірге ең төменгі күнкөріс мөлшері де өседі.

Алдағы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі, әлеуметтік төлемдер, салық, айыппұл мөлшері мен басқа төлемақылар да өседі.

Бұл туралы Қарағанды және Қарағанды облысының жаңалықтар сайты хабарлайды.

2012 жылы айлық есептік көрсеткіш көлемі 1618 теңгені құраса, келер жылы бұл сома 1731 теңгеге жетеді. Ал ең төменгі күнкөріс мөлшері 15 817 теңгеден 18 660 теңгеге өседі.

Сондай-ақ, баланың дүниеге келуіне байланысты бір рет төленетін жөргек пұл биыл 48 500 теңгені құраса, алдағы жылы 51 930 теңгеге дейін көтеріледі.

Ал бірінші балаға төленетін ақы мөлшері 8 899 теңгеден 9 520 теңгеге өседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/236120-aldagy-zhyly-kazakstanda-eleumettik-tolemder-kolemi-osedi.html