RU

Атырау облысында ежелгі Сармат тайпасы табылды

Облыстық тарихи өлкетану музейінің археологтары Индер ауданы, Жарсуат елді мекені аумағынан табылған Қылыш қорғанын зерттеу кезінде ежелгі Сармат тайпасының көне бұйымдары мен әйел адамның қабірін тапты.

Қылыш қорған аумағының диаметрі - 40 м, биіктігі - 1,5 м. Қабірдің құрылысы қандай болғаны белгісіз. Облыстық музейдің Археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Марат Қасеновтың айтуынша, Сарматтық ескерткіштердің көбісі тоналған. Қылыш қорғаны тоналмай жетіп отыр. Қылыш қабірінен табылған ханым сарматтардың әйелі, абызы болған.

Бізге қабірдің байлығының жартысы ғана жетіп отыр. Соның өзінде оның қандай сән-салтанатпен жерленгенін білуге болады. Оны күміс пен алтын жалатқан, асыл тастан жасалған зергерлік, тұрмыстық бұйымдармен жерлеген. Археолог мамандар Қылыш қорғанын зерттеу кезінде қоладан құйып жасалған - төрт тұтқасы бар - қола қазан тапты.

Диаметрі - 2 см. өте жақсы сақталған қызыл ақықтан көз ор­на­тылған күміс сақина да осы қорған­нан табылды. Бар болғаны 2 см ғана аң тісінен қо­сақталып, күміспен бекiтіліп жасал­ған алқа мен 2 дана моншақ та осы жер­ден қазылып алынды. Көлемі 3х4 см болатын тіліне алтын жалатылған әрі астында былғарыға бекітілген ше­гесі бар күміс тоға, 19 дана бетіне ал­тын жалатылған, астыңғы жағында екі ілгегі бар әрі был­ғары белбеуге бекітілген қола түй­мелер де Қылыш қорғанында сақталып келген.

Диаметрі - 0,5 астыңғы жағында бекітетін ілгегі бар жақсы сақталған күміс түйме-шегенің 7 данасы, астыңғы бөлі­гінде ілгегі бар 30 дана қола шеге­лермен қоса Қылыш қорғаннан табыл­ған жіп, мата мен ағаш қалдықтары да осы қорғанда сырын "бүгіп" жатқан бұйымдар.

Сарматтар біздің заманымыздан бұ­рынғы VІІ ғасырдан біздің заманы­мыз­дың ІV ғасырына дейін Шығыс Ев­ропадан Арал-Каспий далалық жер­лерін мекен­деген. Сармат қоға­мын­да әйелдер өте құрметті орын ал­ған.

Обадан қола қазан, күмістен жа­салған заттар мен бетіне айдаһар мен "свастика" күн белгісі салынған қола айнамен жерлеуі "ханымның" қоғам­дағы дәрежесінің жоғары болғанын көрсетеді деп пайым­дауға негіз бар сияқты... Cармат әйелдерінің ерекшелігі сол, олар қоғамдық істерге белсенді ара­ласып, әскери қимылдарға қатысқан.

Сармат­тардың патшалық обаларының көпшілігі әйелдердікі болып келеді. Сармат әйелдері қоғамда ерекше орын алғаны белгілі. Сармат тұрақтары, обалары, Батыс Қазақстан жерінде жүздеп саналады. Сарматтардың өз заманында сән-сал­танатты, қайталанбас мәдениетті, саяси-қоғамдық орны бар ел болған.

Өз отанында олардың төл мәдениеті да­мып, өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысы­на жетті. Олардың мәдениеті-көшіп-қону, сауда-саттық, соғыс-жорықтары арқылы Ев­разия, Қара теңіз маңын­дағы елдерге тарады.

Сарматтар біздің заманымыздан бұ­рынғы VІІ ғасырдан біздің заманы­мыз­дың ІV ғасырына дейін Шығыс Ев­ропадан Арал-Каспий далалық жер­лерін мекен­деген. Сармат қоға­мын­да әйелдер өте құрметті орын ал­ған. Ақ­сүйек әйелдер патша, қолбасшы және абыздың міндетін де атқарып отырған.

Құрбандық шалатын тас ыдыстар кө­бінесе әйелдер қабірінде ғана кез­деседі. Осыншама "құпияны" бұғып жат­қан Қылыш қорғанындағы Сармат тайпасын кешенді зерттеу уақыт күт­тірмейтін жұмыс екенін осыдан-ақ білуге бо­лады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/236691-atyrau-oblysynda-ezhelgi-sarmat-tajpasy-tabyldy.html