RU

Ең сұлу татар қыздарының рейтингіне Қазақстан жұлдыздары енді (фото)

Ресейлік top-antropos.com сайты ең сұлу татар қыздарының рейтингін жасады. Оған татар ұлтының 35 өкілі енген.

Олардың арасында белгілі қазақстандық әнші мен актриса да жүр.

Актриса Линда Нигматулина 21-нші орыннан көрінді. Линда 1983 жылы Алматыда дүниеге келді. Оның әкесі - актёр Талғат Нигматуллин - жартылай татар, жартылай өзбек, ал анасы - актриса Венера Ибрагимова / Нигматуллина - жартылай татар, жартылай ұйғыр.

20 орын:  Динара Валеева  -  актриса.

19 орын: Венера Гимадиева  - Ресейдің Үлкен театрының әншісі.   

18 орын: Алия Шарафутдинова - әнші.

17 орын: Нафиса Хайруллина  - Татар мемлекеттік академиялық  театрының актрисасы.

16 орын: Яна (Янина) Батыршина  - спортшы, көркем гимнастика бойынша  Еуропаның бес дүркін чемпионы, әлемнің жеті дүркін чемпионы.  Қазір тележүргізуші.  Янаның әкесі - татар, анасы - еврей. 

15 орын: әнші Алсу Зайнутдинова. Сахнадағы лақап аты - АсылъЯр.

14 орын: актриса Эльмира Туюшева. 1995 жылғы Ресей аруы. 

13 орын:  түрік актрисасы Айдан Шенер. Көрермендерге "Королёк — птичка певчая" сериалынан Фериде ролімен етене таныс. Актрисаның аталары 1977 жылы зорлықпен христиан дінін қабылдату кезінде Түркияға көшіп кеткен.

12 орын: модель  Эльвира Сабирова. 

11 орын: әнші Дина Валиева. 

10 орын: Альбина Замалеева - "Татарстан жастары-2012 аруы".

9 орын: Карина Абдуллина -  "Мюзикола" дуэтының мүшесі, әнші.

8 орын: Алина Кабаева  - әйгілі ресейлік спортшы. Көркем гимнастика бойынша Олимпиада чемпионы, әлемнің, Еуропа мен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, қазір РФ Мемлекеттік думасының депутаты.   

7 орын: Рената Зайнулина - модель, "Miss World Fashion 2012" сайысының жеңімпазы. 

6 орын: Алсу - әнші, Татарстанның Халық әртісі. 

5 орын: Альбина Гилязова - модель,  "Краса России 2009" сайысының жүлдегері.

4 орын: Резеда Хазеева -  Казань аруы - 2009.

3 орын:  Ирина Шайхлисламова (Шейк), модель.

2 орын: актриса Чулпан Хаматова.

Ең сұлу татар қызы болып сайтта әнші Рената Байкова (1987, Уфа) көрсетілген. Оның сахнадағы лақап еты - Rene.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/236866-en-sylu-tatar-kyzdarynyn-rejtingine-kazakstan-zhyldyzdary-endi-foto.html