Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға оралған ең танымал қандастар (фото)

Опубликовано:

Әрбір жеке адам баласын  былай қойғанда, ұлттың да, ұлыстың да уақыт алдында есеп беретін сәті туады.

Тәуелсіздік жылдарынан бері елге 750 мың қандасымыз оралды. Олар қазақ жерінде өсіп-өніп, қазір шеттен келген жерлестеріміздің саны 1 млн-нан өсті.

1997 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” заңының 1-ші бабына сәйкес оралмандар дегеніміз - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы халыққа Жолдауында "Біз талайы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандастырымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты", - дейді.

Бүгін назарларыңызға шет елден оралып, Қазақстан атын жаһанға әйгілі еткен қандастырымыз туралы фоторепортажды назарларыңызға ұсынбақпыз.

Халифа Алтай - дінтанушы, ғалым, 1917 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Шіңгіл ауданы Жаргаланты өзенінің (қазіргі Моңғолияға қарайды) бойында дүниеге келген. 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен Халифа Алтай атажұртқа біржола қайтып оралды. 2003 жылы дүниеден озды.

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - 1960 жылы 12 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Қазір ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарады.

Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операның" қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші.

Шұғыла Сапарғалиқызы - Қазақстан  Президентi Ұлан ор­­кес­тiрiнiң бишiсi, Ас­та­­на­дағы Кү­ләш Байсейiтова атын­дағы Ұлт­тық опера жә­не балет теат­ры­ның балет­мейстерi, Қытай елi­нiң ең жо­ғар­ғы дәре­­желi би­шi­сi.  Би әлемiне өзiндiк шұғыла шаш­­қан қазақтың нәп-нәзiк, тал­­­­дырмаш қызы ҚХР Iле Қа­зақ автономиялы облы­сы­ның ор­талығы Құлжа қала­сын­да дүниеге келген-дi.

Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман - 1954 жылы  Түркияның Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласында дүниеге келді.1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті.  Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы. Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

1995 жылы Алматыда қайтыс болды.

Бақыт Сәрсекбаев - боксшы, Бейжің Олимпиадасының чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. 1981 жылы 29 қарашада Өзбекстанда дүниеге келген.

Қанат Ислам - боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. 1984 жылы ҚХР-дың Алтай аймағының Қаба ауданында дүниеге келген.  2010 жылы тарихи Отаны - Қазақстанға көшіп келді. Қазақстандық "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі.

13 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген "Орда" тобының белді мүшелері Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхандар - Моңғолия тумалары.

Фарида Мерхамитқызы - жеке кәсіпкер, "Ерке-Нұр" компаниясының басшысы.  1966 жылы ҚХР-дың Шауешек қаласында өмірге келген.  1994 жылы отбасымен бірге атамекені - Қазақстанға оралып, кәсіпкерлікпен айналысты. 2004 жылы "Ерке-Нұр" сән театрын ашты.

Мұртаза Бұлұтай - дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым, ф.ғ.к. 1969 жылы Түркияның оңтүстігіндегі Ұлықышла ауданында дүниеге келді. 1990 жылы Қазақстанға қоныс аударған.

 

Фоторепортаж қазақша Википедия мен "Тәуелсіздік жемісі" кітабының (Алматы, 2011) материалдары бойынша жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/237194-kazakstanga-oralgan-en-tanymal-kandastar-foto/

pixel