RU

Атырау тұрғыны өгей қызын 4 жыл бойы зорлап келген

Атырауда болған жантүршігерлік оқиға тұрғындардың есін жидырмай тастады. Азамат өгей қызын төрт жыл бойы зорлап, қорлық көрсетіп келген.

Айгүл басынан өткерген жантүршігерлік жағдайды адам баласына ашып айтуға аузы бармайды. Бойжеткен төрт жыл бойы  өгей әкесінің жыныстық қатынасқа зорлап итермелеп келгенін анасына да айтып, ақтарыла алмапты.

Алғаш рет көзі көрмейтін анасы Ресейге емге кеткен кезде, бар-жоғы он екі жастағы жеткіншекке үйде жалғыз қалған өгей әке дегенін істепті. Анасы мен өзге де бауырларының амандығы үшін үнін шығармаған қыз әлі күнге дейін қорқынышты күйден арыла алмай келеді.

АЙГҮЛ ӨТЕҒАЛИЕВА:

-Все эти 4 года, для меня были настоящим ужасом. Он избивал, издевался и вынуждал вступать с ним в половую связь. Я неоднократно пыталась наложить на себя руки. Все раскрылось, когда я родила, больше я уже не могла терпеть. Я рассказала матери. Тогда отчим разгневался и облив меня и детей бензином поджог на глазах матери.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары, айуандық жасаған өгей әкені ұстап, тіпті қылмыстық іс те қозғап үлгерген. Алайда тергеу жұмысы одан әріге бармапты. Ал Майра Өтеғалиева күйеуінің бұған дейін де үш рет сотты болғанын айтады. Ал "өрімдей қызды өз дегеніне көндіріп келген адамның бұл істе де жол тауып, ысылып шығуына прокурор туысқаны көмек қолын созса керек" дейді.

Өйткені тергеушілер істі әртүрлі себептермен созып, қыздың намысына тиетін сұрақтар қоюмен ғана айналысқан көрінеді. Ақыры, қорлыққа шыдамаған Айгүл түсініктеме беруден бас тартқан соң, тергеушілер анасына келісімге отыруды ұсынып, істі жылы жапқан.

Зәбір көрген қыздың анасы тергеуді жалғастыруға бас тартамын деген қолхатты беруге мәжбүр болдым дейді. Себебі, зағип жан бес баласымен далада қалған. Бірақ ол осы жылдары қызы зорлық көргенін білген көрінеді.

Қылмыстық істің қозғалғандығы мен зорлау фактісінің болғанын дәлелдеу де қиынға соққан. Мұрағаттың қорын әлдеқайда толтырған мәліметті прокурорлар қайта қарап шықпақ. Ал жыныстық қатынасқа күштеп итермелеу ісін қайта дәлелдеп шығуға құны қымбат сараптама қажет. Қазір күйеуінің қорлығына шыдай алмаған Майра Өтеғалиева  дағдарыс орталығына орналасқан.

Бір шаңырақтың  шырқын бұзған азамат, қазір бостандықта жүр. Сондықтан, бірнеше жылдан бері өрімдей қызға ойына келгенді істеген адамның қаһарынан қорғансыз отбасы қорқады. Ал әзірге пана еткен орталықта үш айдан артық тұра алмайтын әйел, "қыстың суығында қайда барып бас сауғалаймыз?" деп уайымдайды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/237683-atyrau-tyrgyny-ogej-kyzyn-4-zhyl-bojy-zorlap-kelgen.html