RU

АҚШ-тағы президент сайлауы (фото)

Америка өз таңдауын жасады. Барак Обама екінші мерзімге президент болып сайланды.

Ол Ақ үйде әрі қарай билік етіп, Вашингтонда қызметін жалғастыру үшін қажетті дауыс санын жинады. Ол 303 дауысқа ие болса, оның қарсыласы Митт Ромниді 206 дауыс беруші қолдаған.

Сайлаудың ресми нәтижелері шықпастан-ақ Республикалық партияның өкілі өз жеңілісін мойындап, жаңадан сайланған ел басшысын құттықтады. Әу бастан-ақ Обаманың қарсыласын біраз артқа тастағаны белгілі болды. Себебі ол шешуші штаттарда басым дауысты жинаған еді. (Суреттер bigpicture.ru сайтынан алынды).

АҚШ-тың тұңғыш қара нәсілді президенті штаттардың басым бөлігінде басымдылық танытты. Екі жыл бұрын басталған сайлаулды науқанға 2 млрд долларға жуық қаржы жұмсалды.

Екі кандидат та сайлау күні дауыс берушілермен кездесіп, әңгімелесті. Огайодағы митингіде Обама қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты өз өкінішін білдіріп, "Біздің жұмыс әлі жасалған" жоқ деді.  

Экономикалық жағдайды Ромни да Вирджинида тілге тиек етті: "Мен сіздерді нақты өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын" деді ол.

Бақылаушылар кандидаттарға дауыс беру белсенділігі бірдей болады деген пікірде болды.

Сэнди дауылынан зардап шеккен шығыс жағалауында уақытша дауыс беру учаскілері құрылды.

АҚШ сайлау нәтижелерін тағатсыздана күтті. 

Сайлау нәтижелерін тек АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар Лондонда да күтті.

Обаманың жеңгені туралы хабар Огайы штатындағы дауыстар саналғаннан кейін белгілі болды.

Ромнидің жақтаушылары. 

Ромни жеңілісін мойындап, Обамаға екінші мерзімінде сәттілік тіледі.

Қауырт күннен кейін қайтадан сайланған президент Чикагодағы сахнаға отбасымен бірге - бірінші ханшайым Мишель және қыздары Малия мен Сашамен - көтерілді. Обама АҚШ халқын болашақта да онымен бірге болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/237850-aksh-tagy-prezident-sajlauy-foto.html