RU

Олимпиада чемпионы Қазақстандағы спорттық алаңдарды сынады

Ольга Шишигина Қазақстандағы спорттық алаңдардың сапасына наразы.

Жеңіл атлетикаға арналған спорт алаңдарының құрылысы стандартқа сай емес. Бұл туралы Сидней Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Шишигина мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"Жергілікті әкімшіліктер спорт алаңдарын салар кезде мамандармен ақылдаспайды. Жеңіл атлетикаға арналған спорт шеңберінің стандартқа сай ұзындығы 200 м болса, біздің елдегі спорттық шеңберлердің ұзындығы не асып кетеді, немесе кем болып қалады. Мысалы, Астанада 213 м, Шымкентте - 197 м. Мұндай олқылықтардан кейін біз қалай Олимпиада чемпиондарын тәрбиелейміз?", - деді жеңіл атлет Ольга Шишигина.

Сонымен қатар, спортшы спорт нысандарының жекеменшік құрылымдарын тегін сағаттар бөлуге мәжбүрлеу қажет екендігін, бұқаралық спортты дамытуды балабақшадан бастау керектігін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/238043-olimpiada-chempiony-kazakstandagy-sporttyk-alandardy-synady.html