RU

Қытай қазақтары қазақша смайликтер ойлап тапты

Қытайдағы қандастарымызды сауда-саттық жағынан мол мағлұматтарға кенелтіп жүрген қазақ сайттарының бірі "Қазақ сауда торабында" қазақша смайликтердің жарияланғанын көзіміз шалды.

"Қазақша" деп отырған себебіміз, бет-әлпет арқылы ішкі көңіл-күйді білдіруге арналған смайликтердің бастарына қазақ тақиясын киіп, өзге смайликтерден дараланып тұрғандығы. Адам көңіл-күйін тек тек тілмен ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы арқылы да білдіріп жатады.

Осының ішіндегі бет-әлпет қозғалысы біршама күрделі әрі маңызды екені баршамызға анық. Сіз біреудің бетіне бір қарап-ақ көңіл-күйін аңғара аласыз. Сондықтан да болар, "Көз – көңілдің айнасы" деп жатымыз.

Бүгінде шалғайдағы туысқаныңызға, достарыңызға осындай қимыл-қозғалыстарды смайликтер арқылы жеткізіп жүрміз. Олардың көптігінен қарсы жағыңа қандай көңіл-күйде отырғаныңды қаз-қалпында смайликтер арқылы бейнелеп береміз.

Қытайдағы "Қазақ сауда торабында" қазақша смайликтер жарияланды. Бастарына қазақ тақиясын киген смайликтерді аз күн өтпей қандастарымыз көптеген әлеуметтік желілерде пайдалана бастады. Оны жасаған Арлан есімді азамат екен. "Қазақ сауда торабын" басқарып отырған Арлан өз сайттары арқылы сауданың қыр-сырын оқырмандарына ұғындырып жүрген жастардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/238390-kytaj-kazaktary-kazaksha-smajlikter-ojlap-tapty.html