Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шалдың" бас кейіпкері кедейшілікте өмір сүруде

Опубликовано:

Атышулы "Келін" фильміндегі эпизодтық рөлінен кейін бірнеше киноға түскен Ерболат Тоғызақовтың "Шал" фильміндегі басты рөлінен кейін даңқы тіптен шарықтады.

Алайда, атаққа бөленген актердің тұрмысы жұпыны дегенге ешкім сенер емес. Басында үйі жоқ актер, қазір арнайы берілген жатақхананың бір бөлмесінде тұрады. Қоңыр тіршіліктің кесірінен зейнеткер-актер үйіне қонақ та шақырмайды екен.

Осындай сұрақты өмірде де өзіне жиі қоятын Ерболат Тоғызақов, актер атануды еш ойламаған. "Шал" фильмінде басты рөлді сомдаған оның тағдырға таңданбасқа шарасы жоқ. Алайда, кино әлемінің табалдырығынан төріне дейін көтерілген ғұмырдың біз білмейтін қалтарысы көп.

ЕРМЕК ТҰРСЫНОВ, режиссер:

- Көпті көрген адам. Тағдыры да онша оңай емес. Сондықтан, менің ойымша әрбір әжімнің артында бір оқиға жатыр.Қырық жыл "Қазақфильм" киностудиясының отымен кіріп, күлімен шыққан  "шал", осы шаңырақта әкімшілік директоры қызметін де атқарған кезінде. Бірақ, 90-шы жылдардағы тоқырау тұсында тағдыры басқа арнаға бұрылып, тіршіліктің тауқыметін талай тартқан. Тіпті, оған жеке өмірі жайында сөз қозғаудың өзі ауыр.

ЕРБОЛАТ ТОҒЫЗАҚОВ, актер:

- Жеке өмірімді айтсам, отбасылық тұрғыда жолым болмады. Отбасым жоқ. Оны ешкімнен жасыра алмайсың.Ерболат Тоғызақовтың қазір үйі-күйі жоқ. Арнайы бөлінген жатақхананың бір бөлмесін паналайды. Қоңыр тіршілігін жайып салудан жасқанды ма, бізге тұрып жатқан жерін көрсетуден бас тартты.

ЕРБОЛАТ ТОҒЫЗАҚОВ, актер:

- Шынымды айтсам, үйге ешқашан қонақ шақырмаймын. Оның басты себебі, қарапайым жағдайымды көрсету ыңғайсыз. Менің басты ұраным - бәрі жақсы болады. Соған сену керек...

Оскар сыйлығына ұсынылған "Келін" киносында Ерболат Тоғызақов ойнайтын рөл бар. Ал, биылғы "Шал" фильмін белгіл киносыншы Олег Борецкий: "Оскар сыйлығына "Мың баланың" орнына баратын кино" деген еді. Содан болар: "Алпысында басына бақ қонған Ерболат Тоғызақов Оскар сыйлығын алып жатса, жатақханадағы қуықтай бөлмесінде жалт-жұлт еткен мүсіншені қоятын орын табыла ма  екен "  деген сұрақ туындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/238518-shaldyn-bas-kejipkeri-kedejshilikte-omir-syrude/

pixel