RU

Қытайда есеп шығаратын ит табылды

Қытайдың оңтүстік провинциясы Гуандунда қожайыны Лазай атты итінің математикалық жиынтықтарды жасай алатындығын айтты, деп хабарлады 24KZ.

Жергілікті телеарналарда көрсетілген бейнетаспада қожайыны иттен тоғызды үшке бөлгенде неше болады деп сұрағанда, 3-жасар ит үш рет үрген. Тағы иесі одан бесті алтыға көбейтуді сұраған.

Ит бұған 23 рет үріп тоқтап, қайта 7 мәрте үрген. Алайда, күдікшілер бұны ит "адамның аузына немесе дене қимылына қарап тұруы мүмкін" дейді. Иттің иесі Шао жақында оны алып, ел араламақ.

"Одан түскен ақшаны ол кедейлерге таратып беремін" дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/239086-kytajda-esep-shygaratyn-it-tabyldy.html