RU

Аңшылар сиырды жұтқан жыланды түсіріп алды (видео)

Жуырда бразилиялық аңшылар керемет көріністі бейнеге түсіріп алды. Джунглидің ну орманын мекендейтін алып анаконда жеген асын қорыта алмай, оны қайта құсып тастаған.

Бейнекадрлардан жылан асқазанынан шыққан жемтіктің сиыр екендігін анық байқауға болады. Бұл видео ғаламторға түсе салысымен 5 күннің ішінде юзерлер тарапынан 600 мың рет қаралды.

Дегенмен, жыланның ішінен шыққан хайуанды сиыр емес су доңызы дегендер де табылып жатты. Өйткені оның ұзындығы бір метрден сәл ғана асады, ал бойы шамамен 60 сантиметр. Жалпы жыланның бұл түрі балықпен, құстармен және ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Тек жасыл анаконда аталып кеткен түрлері ғана үлкен жануарларды жұтуға қабілетті. Оның ұзындығы он метрге дейін жетіп, салмағы шамамен 250 келіні құрайды. Мамандардың айтуынша, дәл осылай бір рет қоректенген алып жылан бір жыл бойына ешнәрсе жемей жүре алады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/240425-anshylar-siyrdy-zhytkan-zhylandy-tysirip-aldy-video.html