RU

Ақырзаманның үлкен және кіші белгілері

Бүкіл әлемнің жұртшылығын келе жатқан 21-нші желтоқсан дүрліктірді десек артық болмас. Ежелгі Майя күнтізбесі бойынша дәл осы күні Ақырзаман келеді.

Алайда біз бұл жайында Ислам діні не айтатынын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Хузайфа былай дейді: "Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып:- Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:- Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз:- Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:- Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз:- Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:1. Тұманды (түтін).2. Дажжалды.3. Даббатул арзды.4. Күннің батқан жақтан шығуын.5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, - деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен  белгісіне жеке‑жеке қысқаша шолу жасап өтелік:

Хазіреті Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: "Қияметпен мен бірге жіберілдім", деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).2. "Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады" (Бухари риуаяты).3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20).4. Расулуллаһ (с.а.у.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: "Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер", - дейді. Сонда түздік араб кісі: "Мұны қалай түсінсек болады", - дегенде, Пайғамбарымыз: "Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер", - деп жауап береді (Бухари риуаяты).5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1).6.  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25).7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты).8. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.- Зілзаланың көбеюі.- Көптеген бүліктер етек алуы.- Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді.- Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бухари, Фитән 25).9. Мал-дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиси, Кутубус ситте, 17 том, 1234 хадис).

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік.

Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз адамдар арасында мынадай жәйттердің етек алатындығынан хабар береді.

1. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды.2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды.3. Аманатқа қиянат етеді.4. Харам болған нәрселерді халал деп санайды.5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді.6. Пара алушылық көбейеді.7. Зәулім үйлер салынады.8. Дүниеге қызығып, дінін сатады.9. Туыстық қатынастар үзіледі.10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады.11. Жастардың үкімет басына келуі.12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі.13. Ерлі - зайыптылардың ажырасуы көбейеді.14. Зина жасау етек алады.15. Сенімді адал кісілерді опасыз адамдай көреді.16. Опасыз өтірікші кісілер сенімді халге келеді.17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді.18. Жауыннан апаттар, селдер болады.19. Зекет берілмейтін болады.20. Ішімдік ішу көбейеді.21. Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады.22. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады.23. Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады.24. Жағымсыз ғалымдар болады.25. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады.26. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады.27. Мұнаралар биік болады.28. Бастықтар көбейеді.29. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды.30. Сенімді кісілер азаяды.31. Кедейлер көбейеді.32. Аллаһтың қойған жазалары жарамсыз болып жүрмей қалады.33. Әнші қыздар көбейеді.34. Таразыдан жеу көбейеді.35. Әйел өзінің бастығынан босанатын болады.36. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады.37. Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі.38. Ілім – құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады.39. Ол кезде адамдар арасындағы кәпірлер мен залымдардың мәртебесі биік болып, құрмет етіледі.40. Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады.41. Надандар мәртебелі болады.42. Тақуа кісілер адамдар арасында келеке мазаққа айналадыХазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақырзаман таяғанда болатын жағдайларды осылайша 14 ғасыр бұрын үмметіне айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерге қарап отырсаңыз ақырзаманның көптеген белгілері бүгінгі техногендік ғасырымыздың дертіне айналып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/240815-akyrzamannyn-ylken-zhene-kishi-belgileri.html