RU

Қазақстандықтар Рождество мерекесінде 3 күн демалады

Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар төрт күн демалып, екі күн жұмыс істейді. Одан кейін қайтадан 3 күндік демалысқа шығады.

Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.

Үкімет қаулысына сәйкес, 31 желтоқсанға түсетін жұмыс күні сенбі, 29-ншы желтоқсанға ауыстырылады. Сондықтан алты күндік жұмыс аптасынан кейін қазақстандықтар 4 күн демалады - 30, 31 желтоқсан және 1, 2 қаңтар.

3, 4 қаңтар - жұмыс күндері. 

Биыл Рождество мерекесі дүйсенбіге түсетіндіктен Заңға сәйкес Қазақстан халқы 5, 6 қаңтармен қоса, 7 қаңтарда да демалады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/243436-kazakstandyktar-rozhdestvo-merekesinde-3-kyn-demalady.html