RU

Қазақстанда жыл адамдарының есімдері белгілі болды

Vласть интернет-журналы "Жыл адамдарын" атады. Басылым 1 желтоқсаннан бастап интернет-аудитория арасында сауалнама жүргізіп, 12 аталым бойынша 3 адамды анықтады (әр аталым бойынша).

Ал қорытындыны 100-ге жуық сарапшы - саясаттанушылар, тілшілер, бизнес пен қоғам өкілдері - жасады.

Vласть нұсқасы бойынша "Жыл адамдары" 

Саяси қайраткер - Ерлан Қарин, "Нұр Отан" партиясының хатшысы. Ол үнемі елдегі оқиғаларға өзінің пікірін білдіріп, мемлекеттек қызметтегі олқылықтарды сынап тұрды. Күзде сарапшы Еуразиялық одақ парламентін құру бойынша қарсы пікір білдірді.

Интернет-аудитория бірінші орынды "Ақ жол" партиясының лидері Азат Перуашевқа берді.

Саяси қайраткер - Кәрім Мәсімов, Президент әкімшілігінің жетекшісі. Премьер-министр лауазымында отыру бойынша рекорд қойған адам. Мәсімовтың жаңа қызметке тағайындалуымен экономикалық және қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер күтілуде.

Интернет-аудитория өз дауысын Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке берді.

Қоғам қайраткері - Евгений Жовтис, құқық қорғаушы. Ол биылғы жылдың ақпан айында рақымшылық бойынша түрмеден босатылып, қоғамдық жұмыстарына белсенді кірісті.

Интернет-аудитория бұл жолы сарапшылар пікірімен келісті.

Қайырымдылық - Аружан Сайын, "ДОМ" қорының президенті. Ол - Қазақстандағы қайырымдылық саласында еңбек сіңірген ең танымал адам.  Биыл ол науқас балаларды емдеуге арналған қаржыны жинау бойынша бірнеше шара өткізіп, елдегі маңызды оқиғаларға өз бағасын беріп отырды. Сондай-ақ Аружан бала асырап алу саласында үлкен нәтижеге қол жеткізді: оның және әріптестерінің арқасында жетім балалар туралы мәліметтер жиналған база қоғам назарына ашық ұсынылды.

Интернет-аудитория өз дауысын "Аяла" қорының президенті Айдан Сулейменоваға берді.

Жыл әйелі – Дариға Назарбаева, мәжіліс депутаты. Ол Парламенттің Төменгі палатасына депутат болып сайланып, саясатқа қайтып оралды. Биыл президенттің үлкен қызы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді көтеріп, ел билігінің әлеуметтік саясаты мен мемлекеттік органдардың қызметін өткір сынады.

Интернет-аудитория продюсер Баян Есентаеваны жыл әйелі деп атады.

Жыл кәсіпкері – Кеңес Рақышев. Ол АҚШ-тың StartUP жобаларына инвестиция құйған алғашқы қазақстандық бизнесмен. Күзде Рақышев Нью-Йорктегі қор биржасының сессиясын ашты. Сондай-ақ жуырда кәсіпкердің ресейлік интернет саласына қомақты қаржы жұмсағаны анықталды.

Жыл қаржыгері – Жомарт Ертаев.  Ол кеңесші ролінде Bank RBK-ны дамытып, қызмет көрсетудің жаңа сатысы мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынды. 2012 жылы ол Facebook-те аудиториямен қарым-қатынасқа түсіп, журналдар мен мен ғаламторда өз бағанасын жүргізді. Ертаев сөйтіп елдің ең ашық қаржыгері атанды.

Интернет-аудитория жыл қаржыгері ретінде "Халық банк" басқарма төрайымын - Үміт Шаяхметованы атады.

Жыл сарапшысы – саясаттанушы Марат Шибұтов. Ол саясаттанушы ретінде елдегі оқиғаларға пікірін білдіріп, ел экономикасына салынған шетелдік инвестициялар, үкіметтің бастамалары мен лаңкестік туралы бірқатар материалдар жариялады.

Интернет-аудитория бірінші орынды Досым Сатпаевқа берді.

Жыл тілшісі – Гүлжан Ерғалиева. Guljan.org сайты Қазнетте ең көп оқылатын ресурстардың қатарына енді. Сайтқа деген қызығушылық қазан айындағы уақытша үзілістен кейін өсе түсті. Желтоқсан айында ресурс сот шешімі бойынша 3 айға жабылды, ал Ерғалиева басып шығармақшы болған журнал лицензиясынан айырылды. Бірақ тілші айласын тауып, қазір басқа сайт арқылы материалдарын жариялауда.

Интернет-аудитория мен сарапшылардың пікірі бұл жолы бір жерден шықты.

Жыл тележурналисті – Геннадий Бендицкий. Танымал тілші отандық арналардың бірінде "Час Бендицкого" деп аталатын авторлық бағдарламасын дайындайды. Ол бағдарламаны қазақстандық ТВ-дағы басты зерттеу жобасы деп атайды. Келіспеске болмас, себебі, Бендицкий отандық телевизия жақтыра бермейтін тақырыптарды бірнеше мәрте көтерді.

Интернет-аудитория дауысын КТК арнасы тележаңалықтарының жүргізушісі және "Наша правда" ток-шоуы, "Другая правда" бағдарламасының жүргізушісі Алексей Шахматовқа берді.

Жыл блогері – Бағлан Айдашов. Ол Жаңаөзендегі процесті бақылаған блогерлердің ішіне кіріп, Парижде өткен EXPO-2017 астанасын таңдау салтанатынан твит-репортаждар жүргізді. Ол -  өзінің мықты сараптамаларымен белгілі блогер. Ұлттық компанияға ауысқаннан кейін де ол өз белсенділігін төмендеткен жоқ.

Интернет-аудитория дауысын Алишер Елікбаевқа берді.

Жыл жаңалығы – Әділ Нұрмақов пен Арман Қасенов. Жаздың соңында ашылған Blogbasta.kz тарихқа, қазақстандық қоғам мен саясатқа деген тәуелсіз көзқарасын ұсынады. Нұрмақов пен Қасенов бұған дейін ешқашан ғаламторда жарияланып көрмеген авторлар тобын тартып, өздеріне тұрақты аудиторияны қамтамасыз етті.

Интернет-аудитория дауысын Жанна Прашкевичтің Newsroom жобасына берді.

Vласть интернет-журналы Аружан Сайынды қайырымдылық, жетім балалар мәселесін шешудегі орасан зор қызметі үшін Жыл адам деп таныды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/243474-kazakstanda-zhyl-adamdarynyn-esimderi-belgili-boldy.html