RU

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

"Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып Бауыржан Байбек тағайындалды.

Бүгін "Нұр Отан" ХДП Саяси кеңесінің бюро отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Бауыржан Байбекті ұсынды.

"Өмір деген өзгеріп жатады. 2050 жылға арналған Жолдауды жүзеге асыруға байланысты бірнеше кадрлық өзгерістер болып жатыр. Өңірлермен шұғылданатын министрлік құрылды. Б.Сағынтаев мырза сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты оны партиядағы қызметінен босатуға тура келіп отыр. Мен бұл қызметке Бауыржан Байбекті тағайындаймын", - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Бауыржан Байбек бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

1974 жылы 19-наурызда туған. 1994-1998 жылдары Болашақ бағдарламасы бойынша Германияда білім алған. 3 жоғары білімі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/246099-nyr-otan-partiyasy-toragasynyn-birinshi-orynbasary-tagajyndaldy.html