RU

Қазақстанда жүргізушілерге сенімхатты қолдан жазып беру рұқсат етілді

Темір тұлпар тізгінін ұстаған жүргізушілер енді нотариус табалдырықтарын тоздырмай, ол қызметті өздері атқара алады.

Жол полициясы қызметкерелерінің айтуынша, ол үшін бар болғаны қолдан жазып берген сенімхатты тіркету қажет.

Қазақстан Республикасы АК 167-бабына сәйкес азаматтардың еркі бойынша сенімхат жазбаша берілуде.

Елімізде көлік құралдарын басқару үшін  сенімхатты нотариалды түрде түркеудің қажеті жоқ. Оны қос тарап өзара келісе отыра, қарапайым жазбаша түрде жазса жеткілікті. Алайда жүргізушілердің басым бөлігі жаңашылдыққа аса мән бермейді. Дегенмен Жол полициясы комитеті кез келген үлгідегі сенімхатты міндетті түрде басқармаға келіп, заңды түрде тіркеулері қажеттігін айтуда.

Жол сақшылары "жүргізушілерге қатысты жасалып отырған бұл жаңашылдық көптің көңілінен шықты" дейді. Алайда мамандар қандайда бір қылмыстық жағдайларға жол берілмей, төтенше жағдай бола қалса, көлікті басқарған адамды анықтау үшін міндетті түрде сенімхатты тіркету қажеттігін еске салды. Мөр басылмаған сенімхат үшін айыппұл салынбайды, бірақ ескерту жасалады.

Қанат СӘДУАҚАСОВ, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің басқарма бастығы:

- Қазақстан Республикасы заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес сенімхаттарға мөр басылуы қажет. Ол тегін жүзеге асырылады. Қазірге жазбаша жазылған сенімхатты толтырудың қандайда бір нақты үлгісі жоқ. Оны кез келген азамат қолдан жазып бере алады. Жеке куәлігі мен сенімхат беретін адамының деректері жеткілікті.

Жағымды жаңалық жүргізушілерді қуантса, ал нотариалдық кеңсе қызметкерлері бұл қабылданған шешімді құптамай отыр.

Бахтияр АСЫЛОВ, нотариус:

- Меніңше, азаматтардың бір-біріне қолдан жазып берген сенімхаттары дұрыс емес. Қолдан жазылған сенімхатқа ақша төленбейді, ал нотариалды сенімхатқа ақша төленеді. Ал төленген соманың 10%-ын салық комитетіне төлейміз. Сондықтан бұл шешім асығыс қабылданды деп ойлаймын.Сонымен қатар Жол полициясы комитеті ҚР Парламенті Мәжілісіне "Жол жүру ережесіне" қатысты жаңа құжат дайындап ұсынғанын айтты. Егерде ол заң халық қалаулыларынан қолдау тауып, ресми бекітілсе, онда сенімхатты басқарамада тіркемеген көлік иелері 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/246830-kazakstanda-zhyrgizushilerge-senimhatty-koldan-zhazyp-beru-ryksat-etildi.html