Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда екінші Алтын адам табылды

Опубликовано:

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның екіншісі Тараз қаласынан табылды.

Археологтар супер сенсациялық жаңалық деп жар салғанмен, жұрт жәдігерді көзбен көре алмайды.

Дмитрий Воякин, "Археологиялық сараптама" ЖШС директоры:

- Бүгінгі көрмеде көрсеткеніміз шын мәнісінде сақ дәуіріндегі патша сауытының бұйымдары. Бұл Есік қорғанындағы Алтын адаммен теңесе алады. Яғни Алтын адамның дәл өзі.

Өйткені құнды жәдігер қолды болыпты. 8 мәрте ұрылар барымталап кеткен қорғаннан Алтын адамның сауытын әшекейлеген 40-қа жуық алтын бұйымдары табылыпты. Көне жәдігермен әуестенетіндер бұл алтындарды зор жетістікке балайды. Енді Тараз қаласының іргесіндегі Жеті төбеден табылған сауыттың бөлшектерін біріктірмекші.

Бір айта кетерлігі, қазір тек екі қорған қазылған. Қалған бес қорғанға қол тимепті. Бұйыртса сол жерді қазамыз, Алтын сауытты адамды табамыз деп сендіреді. Негізсіз де емес, табылған сақ патшасы киімінің бөлшектері Есік қорғандағы Алтын адаммен дәлме дәл келіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/250926-tarazda-ekinshi-altyn-adam-tabyldy/

pixel