RU

Сот белгілі пародистің әкелігін мойындатты

Белгілі пародист Олжас Сыдықбектің өзі бас тартқан қызы бір жасар Бағымның әкесі екені дәлелденді.

Бұл туралы КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасы хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Гауһар есімді бойжеткеннің әртіспен отау құрып, бірақ бірер айдан кейін ажырасып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Гауһар Бағым есімді қыз баланы дүниеге әкелді, алайда Олжас әкелігін мойындаудан бас тартты.

Қазір Бағым бір жасқа келді. Енді міне, оның әке-шешесінің өміріндегі шиеленіс аяқталып, Гауһардың 3 ай бойы сот табалдырығын тоздырып жүрген еңбегі ақталды.

Осы уақыт ішінде генетикалық сараптама жүргізіліп, Бағым Олжас Сыдықбектің қызы екендігі дәлелденді.

Гауһардың айтуынша, ол ешнәрсеге де дәмеленіп отырған жоқ. Баласының аты-жөні де өз әкесінің (Гауһарды әкесінің - ред.) атында қала береді.

"Бар болғаны құжаттарында әкесі деген тұста - Олжас Сыдықбек деп жазылып тұрады. Жаным да тынышталды", - дейді жас ана. Ал әкесі, айтуынша, әлі де хабарласқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/250953-sot-belgili-parodistin-ekeligin-mojyndatty.html