Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшпенділер" түсірілген қалашық бұзылудың алдында тұр

Опубликовано:

Көшпенділер" фильмін түсіру үшін арнайы салынған "Түркістан" қамалын "Маугли" мен "Тарзан" күзетіп жүр.

Қыруар қаржыға тұрғызылған қалашықты көзінің қарашығындай сақтап отырған Шолпан мен Нұрахмет Қыдырбайлар өздері туралы осылай әзілдейді. "Қазақфильм" киностудиясы салған қамалды күзетіп отырған келіншек бар-жоғы 25 мың теңге жалақы алады екен.

Осыдан жеті жыл бұрын "Көшпенділер" фильмін түсіру үшін қыруар қаржыға тұрғызылған "Түркістан" қалашығы қазір қаңырап тұр. Киноның өзі жұрттың көңілінен шықпай, сынға ұшырап, 34 миллион доллар желге ұшты деген шу әрең басылған-ды.

Ал Қапшағай қаласынан 20 шақырым жерде Іле өзенінің бойында тұрған қамалды ерлі-зайыпты Шолпан мен Нұрахмет Қыдырбайлар мен мына үш ит күндіз- түні көз ілмей күзетеді екен. Өздерін "Маугли" мен "Тарзанбыз" деп әзілдейтін отбасы өркениеттен алшақ өмір сүреді. Мұнда қаламен ешқандай байланыс жоқ, төңірегінде тек таулар...

Үш жылдан бері отасқан жолдасы Нұрахметтің мамандығы режиссер, Мәскеуде білім алған. Жарымның өтінішімен қорған болып жүрмін деп күледі...

"Мен келіп махаббатымды таптым. Мына кісі жұмыстан шыққысы келмейді әйтпесе баяғыда алып кетер ем", - дейді ол.

Ал болмашы айлықты місе тұтқан Шолпан апай жеті жылдан бері көрмегенім жоқ деп мұңын шақты. Қыс түссе мұнда көлікпен жету мүмкін емес. Ал күн жылынғанда көресіні туристерден көрем дейді. Әсем табиғатқа демалуға келгендер қамалдың ішінде қыдырамыз деп түнімен маза бермейді екен. Басын қауіпке тіккен келіншекке джип мінген бай бұзақылар талай мәрте қоқан лоқы да көрсеткен..Қыруар қаржы салынған қамалды көзінің қарашығындай сақтап отырған Шолпан апай әсіресе тілсіз жау қауіпті дейді. Ағаш пен сабан кірпіштен салынған қалашыққа от тисе шырпыша жанып кетеді. Мұндайда құтқарушылар туралы ауызға алудың өзі артық...

Түркістан қамалында жеті жыл ішінде  "Көшпенділер" Жау жүрек мың бала, "Сіз кімсіз К мырза?" сынды 20 шақты фильм түсірілген. "Қазақфильм" киностудиясы басшылығы қымбат қалашық бұзылады екен деген қауесетті де жоққа шығарып отыр. Ал Түркістанды тастап кетуге көзі қимайтын Шолпан мен Нұрахмет Қыдырбайлар қалашық маңын саяхатшылар демалатын орталыққа айналдырса деп армандайды...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/261969-koshpendiler-tysirilgen-kalashyk-byzyludyn-aldynda-tyr/

pixel