RU

Елімізде садақа қабылдайтын алғашқы терминал орнатылды

Алматының орталық мешіті жанында садақа қабылдайтын алғашқы терминал орнатылды.

Енді Алматы, Талдықорған қалаларында орнатылған электронды терминалдар арқылы бес парыздың бірін өтеудің мүмкіндігі туды.

"Зекетті айтып өтейін ол малдан, жеміс-жидектен алынады. Ал оны беру ауылда тұратындарға қиын. Сондықтан олар ҚМДБ жанындағы осындай технологиялар арқылы бере алады", - дейді зекет қорының референті Марс Смағұлов.

Жыл соңына дейін тағы 3 қалада осындай төлем терминалдарын орнату жоспарланған. Ал алдағы уақытта мұндай құрылғымен өзге өңірлер де жабдықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/264566-elimizde-sadaka-kabyldajtyn-algashky-terminal-ornatyldy.html