RU

Патрульдық полиция көлігі апатқа ұшырап, 4 адам ауыр жарақаттанды

Павлодарда жол полициясының патрульдық көлігі апатқа ұшырап, 4 адам ауыр жарақат алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Басты даңғылмен келе жатқан жол полициясының көлігіне жанама жолдан шыға қалған Лада соғылыпты.

Салдарынан екі бүктелген темір тұлпардың 22 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы қыз жансақтау бөліміне түсті.

Сондай-ақ, Шкода тізгінінде отырған лейтенант та ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/265278-patruldyk-policziya-koligi-apatka-yshyrap-4-adam-auyr-zharakattandy.html