RU

18 жастағы Анар Сәрсенова "Қызылорда аруы-2013" атанды

Биыл күзде "Қазақстан аруы - 2013" байқауына қатысатын қызылордалықтың есімі белгілі.

Республикалық сында Сыр елінің намысын шиелілік Анар Сәрсенова қорғайтын болады, деп жазады kyzylorda-news.kz.

Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында өткен облыстық "Қызылорда аруы - 2013" байқауына Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан барлығы 14 үміткер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша18 жастағы Анар Сәрсенова суырылып алға шығып, "Қызылорда аруы - 2013" атанды.

Гран-при иегеріне жеңімпаз тәжін "Қазақстан аруы - 2012" байқауының бас жүлдегері Жәзира Нұрымбетова кигізді. Одан кейінгі 3 орынды қызылордалық Динара Серікқызы, аралдық Альмира Ысқақова, қазалылық Алтынай Бектібаевалар өзара бөлісті. Айта кетейік, Анар алдағы уақытта республикалық сында басқа өңірлердің сұлуларымен "Қазақстан аруы - 2013" тәжі үшін таласатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/265742-18-zhastagy-anar-sersenova-kyzylorda-aruy-2013-atandy.html