RU

Peugeot модельдері ең арзан дегенде 16 мың доллардан сатылатын болады

Жақын арада Қазақстанда құрастырылады деп отырған Peugeot модельдерінің бастапқы бағасы 16 мың доллардан басталады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің модельдеріміздің бағасы да бірегей. Біз не себепті өзімізді корей автокөліктерінің тікелей бәсекелесі дейміз, себебі біздің автокөліктеріміздің бағасы корей автокөліктерімен бірдей, тіпті кей модельдері олардан арзан. Біздің модельдеріміздің бастапқы бағасы 16 мың доллардан басталады, мысалға айтар болсақ, ол су жаңа "Седан" санатындағы Peugeot 301 моделі, аса қызығарлық ұсыныс. Ол Hyundai Accent, KIA Rio және тағы басқа осы тектес көліктерге толық бәсекелсетік тудыра алады", - деді AllurGroup автокөлік компаниялар тобының президенті Андрей Лавреньев.

Оның айтуынша, Hyundai-дың өткен жылғы белсенділігін бағалайтын болсақ, нарықтың шамамен 60%-ын Ресейде өндірілген дәл сол Accent моделі құрайтынына көз жеткізуге болады.

"Осыған байланысты біз өзіміздің маркетингтік қадамдарымызды, прайсымыз бен сол және басқа да сегменттегі нарық бойынша өз үлесімізді алдынала ойластырып қойдық. Сондықтан, біздің нарықтағы үлесіміз 4,5%-ды құрайды дегенде, ол санның нақты санға әлдеқайда жақын екенін атап өткіміз келеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/266025-peugeot-modelderi-en-arzan-degende-16-myn-dollardan-satylatyn-bolady.html