RU

Неміс тілі ең ұзын сөзінен айырылды

Неміс тілі 63 әріптен тұратын ең ұзын сөзінен айырылды, деп хабарлайды елдің ARD телерадиокомпаниясы.

Бұл "Rindfleischetikettierungsüberwachungsaufgabenübertragungsgesetz" (қазақ тіліне аударғанда "сиыр етін таңбалауды қадағалау жөніндегі міндеттерді бөлу туралы заң" деген мағынаны береді) сөзі Мекленбург федералды аймағындағы заңның атауы ретінде осылай аталып келген Жергілікті ландтаг 29 мамырда бұл заңды жою туралы шешім шығарды.

Ал осы сөз бүгінгі күнге дейін БАҚ-та пайдаланылып келген. Тіпті, лингвистер бұл сөзді неміс тілінің "Duden" сөздігіне енгізбеген, өйткені ел арасында кең тарамаған, дейді "The Local".

Ендігі жерде ең ұзын сөз 48 әріптен тұратын "Donaudampfschifffahrtsgesellschaftskapitänswitwe" болады. Оның аудармасы - "Дунайдағы кеме қоғамы капитанының жесірі" деген мағынаны білдіреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/266367-nemis-tili-en-yzyn-sozinen-ajyryldy.html