RU

Түлектер ҰБТ-да түсініксіз сұрақтар мен қателіктер тапты

Тарих сауалдарының арасында география пәнінің сұрақтары жүр. Алматыда тест тапсырған түлектер кітапшадағы пәндер сауалдарының ауысып кеткенін айтып шықты.

Сондай-ақ, бірқатар пункттерде ұялы телефон мен шпаргалка қолданған оқушылар көзге түскен.

Министрлік өкілдерінің сөзіне сенсек, осыған дейінгі жылдары кеткен  қателіктердің орны толықтырылып, сұрақтар жүйелі құрастырылған.

"Республика бойынша 154 пункт бар. Соның бәрінде министрлік өкілдері жіберілді. Сағат 8-де балаларды кіргізу басталды, ҰБТ тапсырудың технологиясы бойынша бүкіл жағдайлар жасалды", - дейді Білім минстрлігінің өкілі Асан Тоқсанбаев.

Жалпы жылдан-жылға ҰБТ тапсыру күрделеніп барады. Дегенмен, түлектер бұл жолы  тестілеуде түсініксіз сұрақтар мен қателіктер болғанын айтады.

"Басқа сыймайтын сұрақтар да кездесті. Тарихты істеп жатқанда, географияның сұрақтары келеді,  қазақ тілді істеп жатқанда, әдебиет келеді. Сосын түсінбейсің де өзің", - дейді мектеп бітіруші Ерболат Смағұлов.

Алғашқы күні Алматы қаласындағы жеті жоғарғы оқу орнында 135 мектептің 3073 түлегі тест тапсырды. Оның қорытындысымен келіспегендер апелляцияға шағымдана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/266426-tylekter-ybt-da-tysiniksiz-syraktar-men-katelikter-tapty.html