Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжин: Жердің иесі де, киесі де қазақ екеніне дау жоқ

Опубликовано:

Кең байтақ жеріміздің иесі де, киесі де қазақ екеніне дау жоқ. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы осылай мәлім етті.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

"Кең байтақ жеріміздің иесі де, киесі де қазақ екеніне дау жоқ. Ата-бабаларымыз бұл жерді бізге аманат етіп қалдырған. Біз мемлекет құрушы ұлтпыз", - деген Мемлекеттік хатшы бұл ретте жерімізде қоныс тепкен этностарды бөтенсінбеуге шақырды.

"Бірақ, тағдырдың жазуымен елімізге келген басқа этностарды бөтенсінсек, біз алға дами алмаймыз. Сондықтан бұл істе біздің халықтың жауапкершілігі зор. Қазақтар Еуразияның ең байырғы халықтарының бірі екенін ғылыми тұрғыда бүкіл әлемге жария ете білсек, келешек ұрпағымызға ешқандай қауіп болмайды", - деді Тәжин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/266515-tezhin-zherdin-iesi-de-kiesi-de-kazak-ekenine-dau-zhok/

pixel