RU

Тіл жанашырларына қазақ тілді мазақ қылған жарнамалар көрмесі ұнады

Тарихымызды зерттеу ғана емес, тіліміздің мәселесі де ақсап жатыр. Алматыда жарымжан жарнамалардың көрмесі өтті. Онда өрескел қатемен жазылған 100-ге тарта жарнамалардың суретін көруге болады.

Енді олар қазақ тілін қорлағандармен күресті күшейтуді жоспарлап отыр. Ұлы сөзде ұят жоқ, орыстың "Мужские труси" сөзін "қорқақтар еркек" деп аударыпты мына түбіртекте.

Бақшадағы дайындық бөлімінің балғындары қатесіз жазатын "шаш" сөзін "шәш" деп жазған жарнаманы да Алматының көрікті жерлерінен көресіз.

Ең сорақысы, ұлт арыстарының есімдеріне берілген көше атаулары да қателерге тұнып тұр. Байтұрсыңұлы, Шимбұлақ, Салмаққа киім деп қазақтың сөзін ойына келгенше әріптермен шимайлап, қорлаған жарнамалар көрмесіне Тіл басқармасының бастығы да келді.

"Біз осы қателерді тікелей тексеруге құзыретіміз бойынша заң шеңберінде біз тікелей барып, ескертуге құқығымыз жоқ. Біз өзіміз айқындаған, анықтаған кемшіліктерді қателіктерді түгендеп, прокуратура органдарына жолдап отырамыз. Енді шараны қолдану прокуратура заң аясында жүзеге асырады", - деді қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов.

Өкінішке орай, жарнаманың қазақша мәтініндегі қателер азайған жоқ. Тіл жанашырларына мемлекеттік тілді мазақ қылған жарнамалар көрмесі ұнаған сияқты.

"Көшпелі көрме етіп, Парламенттен бастап, облыс әкімшілігінің астына 1 айдан қойып шықса да, олар өз көздерімен көру керек. Сол жердегі қызметкерлер көру керек. Облыс мәслихаты,мәжіліс депутаттары көру кеерек. Олардың қандары қайнап, осындай мемлекетте ыңғайсыз жағдайлардың қалыптасқанын көздері жетуі керек. Сол уақытта жаза қабылдайық деп, оянатын шығар", - дейді саясаттанушы Дос Көшім.

"Онамастика" туралы жаңа заң жарнаманы сауатсыз жазған кәсіпкерлерді тәубесіне келтіреді деген үміт бар. Бір ескертуден кейін қатесін түземегендерге 17 мыңнан 87 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/266563-til-zhanashyrlaryna-kazak-tildi-mazak-kylgan-zharnamalar-kormesi-ynady.html