RU

Қуыршақ үшін қаза тапқан 9 жастағы қыз бала жерленді

Қарағандыда 9 жасар бүлдіршінді құрдасы емес, одан ересектеу құрбысы буындырып өлтіргені анықталды.

Сол күнгі сойқанды жасаған және куә болғандардың үшеуі де 5-ші сыныптың оқушылары екен.

Естеріңізге салсақ, маусымның 2-сі күні ауылдан ұзап шыққан бір топ қыздың арасында қуыршақ үшін кикілжің туып, 11 жастағы қыз өзінен екі жас кіші құрбысын соққыға жыққан. Кейінен күртешесінің жеңімен буындырып өлтіріпті.

Марқұмның туыстарының айтуынша, полициядағы тергеу кезінде бұған қарындасының қылмысын жасырмақ болып, 19 жастағы жігіттің де араласқаны белгілі болыпты.

Ол тергеуді басқа жаққа бұру үшін өлі қыздың үстіндегі киімді тегіс шешіп алған. Полицейлерге жеткіншек педофилдің қолынан қаза болды деген ой келсін деп. Бүлдіршіннің жалаңаш жатқаны да содан болса керек.

Бірақ тергеу орындары бұл жайында ресми ақпаратты әзірге жария етпеді. Ал мәйітханадан денені алған қаралы отбасы бүгін жарық дүниенің 9 жылын ғана көрген бүлдіршінді жер қойнына тапсырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/266714-kuyrshak-yshin-kaza-tapkan-9-zhastagy-kyz-bala-zherlendi.html