RU

Сақ ханшайымының мүрдесі археологтарды таңғалдыруда

Шығыс Қазақстанда Сақ ханшайымының мүрдесін тауып, үлкен олжаға кенелеген археологтар тың жәйттерге тап болуда. Айтуларынша, зерттеу орында патша қызының әруағы мазасыздық танытқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Мамыр айының басында Үржар ауданына қарасты Таскескен-Бақты жолындағы қорғанда біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырға тиесілі сақ патшасының қызының мүрдесі табылған еді. Тарихи олжа бірден толыққанды зерттеу үшін Алматыға да жөнелтілді.

Антрополог-ғалымдар алдымен ханшайымның бет-әлпетін, кейін басына киілген тәжі мен әшекей-бұйымдарын қалыпқа келтіруге кіріскен-ді. Бірақ зерттеу тобының айтуынша, ескі мүрде табылғаннан бері өңірде тылсым жәйттер орын алуда. Мәселен, Үржар ауданының ауасы бұзылып, күнде қатты жел тұратынды шығарған.

"Оған ұнамай қалған тәрізді. Мүрде табылған орынды тазарта бастағанымызда кенет жел тұрады, ауа райы бұзылады. Бірақ бетін жапқанымызда бәрі басылды. Содан бірден түсіндік әруағы мазасызданғанын", -  ғылыми экспедиция қызметкері Амантай Исин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267025-sak-hanshajymynyn-myrdesi-arheologtardy-tangaldyruda.html