RU

Павлодар тұрғыны қарындасына СМС жазған жігітті өлтірді

Павлодар тұрғыны қарындасына жыныстық қатынас тақырыбында СМС жазған жігітті пышақтап өлтірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарындасының ұялы телефонына келген ұятты хатты оқып қойған ағасы, авторына қоңырау шалып, кездесуге шақырады.

Өзімен бірге 2 жолдасын ертіп барған. Хабарлама авторы да жалғыз келмепті. Сөзден жұдырыққа көшкен бір топ жігіт көп куәгерлердің көзінше қып-қызыл төбелес ашқан.

Кәмелет жасына толмаған қарындасының ұялы телефонына жіберілген хабарламаның мазмұнына намыстанған 19 жастағы жігіт хабарлама авторын пышақтап өлтірді.

Оның қолындағы суық қарудан қарсыластары ғана емес, өз жолдастары да жарақат алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267026-pavlodar-tyrgyny-karyndasyna-sms-zhazgan-zhigitti-oltirdi.html