Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасы ұзартылды

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасы ұзартылды деп жазады ҚазТАГ.

Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә Ораздың хабарлауынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасы ұлғайған.

"Майор шеніндегі қызметкерлерге 48 жасқа дейін (бұрын 45 жас), подполковник шеніндегілер 50 жас (бұрын 47 жас), полковниктер 55 жас (бұрын 53 жас), жоғары басқару қызметіндегі құрам үшін 60 жас (бұрын 58 жас) зейнетке шығу жасы болып белгіленді", -  деп хабарлайды департамент директоры.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы "Құқық қорғау қызметі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына сәйкес жасалған.

"Заңға сәйкес, осы жылдың 21 мамырынан бастап, орта және жоғары құрамдағы басшылардың ең төменгі шекті жасы 35 жас болып белгіленген. Сонымен қатар, арнайы жоғары кәсіби білімі мен біліктілігі талап етіледі. Ал, қатардағы және кіші құрамдағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құрамына қабылдау жасы 25-тен кем болмауы, әскери дайындықтан өтуі талап етіледі" деп атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/267094-kazakstanda-kykyk-korgau-organdarynyn-kyzmetkerleri-yshin-zejnetke-shygu-zhasy-yzartyldy/

pixel