RU

Қараман-ата кесенесі жанында жарылыс болып, 10 адам жараланды

Маңғыстау облысындағы Қараман-ата кесенесі жанындағы жарылыста зардап шеккендерге көмекті астаналық мамандар көрсететін болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жұмада қасиетті орын маңындағы зиярат етушілер ас ішетін бөлмеде 5 бірдей газ балоны жарылған еді. Бір адам қаза тауып, тағы оны жарақат алды.

Аймақта ұялы байланыстың жоқтығынан, күлі көкке ұшқан ғимарат астында қалып қойғандар бірнеше сағат бойы жедел жәрдем шақырта алмай жатыпты. Мамандар келе сала, денелерінің 90 пайызын күйік шалған 5 адамды Ақтауға жеткізген.

Ал 30 жастағы келіншекті дәрігерлер аман алып қала алмады. Бастапқыда олардың барлығы Астанға жөнелтіледі деген. Алайда науқастар жолды көтере алмайтындықтан, елордалық мамандар Ақтауға шақыртылды.

Жалпы, Маңғыстау жеріндегі киелі саналатын Қараман ата жерасты мешіті қысы-жазы зиярат етушілерге толы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267208-karaman-ata-kesenesi-zhanynda-zharylys-bolyp-10-adam-zharalandy.html