RU

Адамның миы жаңарып отырады екен

Ғылымда "адам миында нейрондар жаңармайды" деген тұжырым қалыптасқан болатын.

Бірақ Швецияның Каролинска институтының биологтері бұл теорияны теріске шығарып, ересек адам миында да жаңа жасушалар пайда болатынын дәлелдеді.

Meddaily.ru-дың хабар­лауын­ша, ғалымдар мидың оқу мен есте сақ­тауға жауапты аймағында ней­рондар санының өзгеретінін анық­таған. Демек, адам миы жаңарып отырады.

Бұрын "ми нейрондары саны бала кезде қанша болса, адам ержеткенде де сол күйі қалады" деген тұжырым берік қалыптасқан болатын.

Молекулатанушы биолог Кирсти Спалдинг жаңа жасу­ша­лардың пайда болуын радио­активті "14" көміртегі изотопын ми жасуша­ларындағы "12" көміртегі изо­то­пымен салғастыру әдісі арқылы дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267329-adamnyn-miy-zhanaryp-otyrady-eken.html