RU

Қостанай облысының тұрғыны өз үйінде кендір өсірді

Қостанай облысының тұрғыны өз үйінде кендір өсірді. 40 жастағы тұрғын есірткі шөбін гүл құмырасына отырғызып, баптаған.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Заңмен тыйым салынған өсімдікті баптаған бағбан Әулиекөл ауданының Кұшмұрын ауылының тұрғыны екені анықталды. Ол кендір өсімдігін өзі пайдалану үшін өсіргенін айтты.

Тәртіп сақшылары еліткіш есірткі заттары бар өсімдікті баптағаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267450-kostanaj-oblysynyn-tyrgyny-oz-yjinde-kendir-osirdi.html