RU

Чехияда өнертапқыштар ұшатын велосипед ойлап тапты

Чехияда өнертапқыштар ұшатын аяқ арба құрастырды.

Екі жыл бойы сызбасы пысықталған жаңашылдық - қазір ауада кәдімгідей қалықтайды. Жеп-жеңіл самғап кеткен аяқ арбаға электр қозғалтқышы қосылған.

Ұшу кезінде аяқ қозғалыссыз болады. Қондырғы 170 келі жүк тарта алады. Әзірге, ол макеттің көмегімен сынақтан өтіп жатыр.

Болашақта жетілдіріліп, адамзаттың қажетіне жарап қалуы да ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/267792-chehiyada-onertapkyshtar-yshatyn-velosiped-ojlap-tapty.html