Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саяси элита өкілдері көкпар ұйымдастырды

Опубликовано:

Саяси элита өкілдері көкпар ұйымдастырды Ал, еліміздің саяси элитасы Астанада көкпар ұйымдастырды. Елорданың он бес жылдығына арналған додаға еліміздің әр түкпірінен 100-ге тарта шабандоз келген.

Шараны ұйымдастырған саяси тұлғалар жүлде қорын да өз қалталарынан шығарды. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде бір жарым миллион теңге жиналды. Тағы бір қызығы, "қалталы азаматтар" көкпарда салым салған әр шабандозға елу мың мен жүз мың теңге көлемінде ақша тігіп, ойынның көрігін қыздырды.

Ал, "өгіз өлді" деп аталатын, яғни соңғы салымды жамбылдық шабандоз салып, ол бір мың АҚШ долларын қалтасына басты. Ұйымдастырушылар ұлттық құндылықтарымызды ұмыт қалдырмау үшін мұндай шараны енді жыл сайын өткізіп тұрмақшы.

"Астана күні қарсаңында көкпар берсек деген оймен жігіттер Солтүстік өңірде, осылайша дәстүрді жаңғыртайық, бір нәрсені қолға алайық деген кезде бәрі жұмыла кетіп, көкпар беруді өзімізше жөн көрдік", - дейді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Тілеухан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/268281-sayasi-elita-okilderi-kokpar-yjymdastyrdy/

pixel