Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жойылып бара жатқан тілдердің үштігі белгілі болды

Опубликовано:

Тіл мәселесі қай уақытта болмасын күрделі мәселелердің қатарына жатады. Көп тілдер әлем бойынша таралып жатса, енді бірі күннен-күнге құрдымға кетуде.

Назарларыңызға әлемдегі жоғалып бара жатқан тілдер жайлы деректерді ұсынамыз. Қазіргі уақытта 357 тілдің аясы тарыла түскен. Бұл тілдердің әрқайсысында сөйлейтін адамдардың саны 50-ден аспайды екен.

Ал, әлемдегі 46 тілде сөйлейтін адамдардың саны бір-бірден ғана келеді. 3000-нан астам тілде небәрі 10 000 адам сөйлейді. 20 000 тілде 1000 адамнан артық жан сөйлеймейді. Бүгінгі күні құрдымға кетіп бара жатқан тілдердің үштігі мынадай: 3 орында ливон тілі. Бұл тілде Латвияда небәрі 200 адам ғана сөйлейді. 2 орында Ресейдегі вод тілі. 15 адам ғана сөйлейтін бұл тілді қолданатын адамдардың жасы 70-тен асып кеткен.

1 орында бикья тілі тұр. Бикья тілінде бар болғаны 1 адам ғана сөйлейді. Оның өзі Камерун мен Нигерияның шекарасындағы селода тұратын 87 жастағы қария. Жоғарыдағы тілдердің жоғалуына отаршылдық, бірліктің болмауы, өз тіліне менсінбей қарауы, ашаршылық, табиғи апаттар себеп болады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/268410-zhojylyp-bara-zhatkan-tilderdin-yshtigi-belgili-boldy/

pixel