RU

Талдықорған тұрғыны 4 ай бойы қарындасын зорлап келген

Әйел зорлау фактісі бойынша Талдықорған полицейлері ұстаған ер адам өз қарындасын зорлаған деп айыпталуда.

Зорлау туралы арызбен Талдықорған ІІБ Ескелді ауданының 27 жасар тұрғыны хабарласты.

Жәбірленуші көрсеткен белгілер бойынша полицейлер ІІД Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен 25 жасар ер адамды ұстады.

Ұсталған адамды қалалық полицияға жеткізген кезде, тергеу бөлімінің жедел қызметкерлері ер адамның соңғы төрт ай көлемінде өзінің 15 жасар қарындасын зорлап келгені анықтады.

Кәмелетке толмаған қызды қорлау фактісі туралы полицияға қыздың анасы жазған. Ол күдіктінің де анасы болып табылады.

Қос факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу уақытында күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268504-taldykorgan-tyrgyny-4-aj-bojy-karyndasyn-zorlap-kelgen.html